50 миллионды қолды қылған: Алматыда 33 жастағы келіншек алаяқ болып шықты

Алматыда әкімдік алдында жүріп, елді алдаған әйел ұсталды. Мемлекеттен арзан пәтер алып беремін деп сендірген күдікті тұрғындардың 50 миллион теңгеден астам ақшасын сыпырып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

алаяк

Ал құйтырқы әрекетін ол тұрғынүй инспекциясының алдында жүріп жасаған екен. Баспана базынасымен келген кісілерді сөзге тартып, өзін делдал ретінде таныстырған.

Әкімдікте сөз байласқан танысы барына сендірген келіншек жұртқа пәтерлердің құжаттарын да көрсеткен. Арзан үйден айырылып қалмауды ойлаған азаматтар алаяқтың сұраған ақшасын сол күні әкімдіктің ауласына әкеліп беретін болған.

Осылайша, елден 50 миллион теңгеден астам қаражат жинап алған келіншек бұрын істі болған нағыз әккінің өзі болып шықты. 33 жастағы әйел төрт жыл бұрын да тура осы әдіспен ел-жұртты тақырға отырғызып, жақында ғана түрмеден босап шығыпты.  

"Біреуі 6 миллион, біреуі 24 миллион, біреуі 15 миллион дегендей қомақты сомадағы ақшаларды оған берген. Егер де осы Жұмағұлованың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, Бостандық ауданының полициясына хабарласуын сұраймыз", - дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да жеңіліс: Күрестен әлем чемпионатында отандасымыз күміс жүлде алды

Күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар үшін алтын жүлде бұйырмай тұр

10 адам жараланды: Арыста тағы да жарылыс болды

Полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен

Тоқаевтың Нью-Йоркке неге баратыны белгілі болды

Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді

57 адам ұсталған: Министрлік заңсыз митингке шыққандар туралы мәлімдеме жасады

Жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген

Иттер талап тастаған: Қазақстандық әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кеткен

Сәбидің денесін мазарда иттер сүйрелеп, талап тастаған

Үш жыл бойы алып келген: Оралдық көпбалалы әйелге мемлекеттен алған ақшасын қайтару міндеттелді

Үш жыл ішінде алған зейнетақыны мемлекетке қалай қайтаратынын білмей отыр

"Ессіз ғашықпын": Yuframe блогері тойға қызу дайындық үстінде

Айымның таңдауы Талғат Итбаев есімді бизнесмен жігітке түскен

Жоғалып кеткен астаналық барменнің өлі денесі табылды

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр