Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"50 метрлік жерде 11 шұңқыр бар": Петропавлда жаңадан салынған асфальттағы ойықтар жүргізшілерді әуреге салды

Петропавлда жаңадан салынған асфальтта кәріз қақпақтарының орыны терең шұңқыр болып қалған. Нәтижесінде  жүргізушілер көліктерін зақымдап, сол тұста тізгін тартып, айналып өтуге мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар24" арнасына сілтеме жасап. 

Қаладағы Алтынсарин көшесіне асфальт салынғанда жүргізушілердің қуанышында шек болмапты. Алайда жаңадан салынған тас жолдағы құдық қақпақтарының орыны шұңқырға айналған. Жеңіл көліктердің асты тиеді.

"Мына бір 50 метрлік жерде 11 шұңқыр бар. Олардың бәрі кәріз құдықтарының құқпақтары. Тереңдігі міне 10-15 сантиметрдей болып қалады", - деді тілші Айдарбек Айтмұхамбетұлы.

Сонымен қатар, тас жолдың зардабын тұрғындарда тартып отыр. Жаңбыр жауса жиектегі жер үйлердің ауласы суға толады. Суағарлар салынбаған. Бұл жағдайға әкімдік қызметкерлері түсініктеме берді.

"Жаңбырға байланысты жұмыс әлі аяқталған жоқ. Жол жөндеу кезінде құдықтардың қақпағын көтеру қарастырылмаған. Өйткені оны басқа мердігер ұйым жасайды. Сонымен қатар ол көшеде суағарлар мен жаяу жүргіншілер жолағы салынады", - қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерішісі Дулат Шәріпов.

Бір қызығы, Алтынсарин көшесінде қалалық әкімдік те орналасқан. Бұл жерде кәріз қақпақтары кірпішпен жабылған.  

STAN.KZ
Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2020 12:44
Талқылау