"5 жыл жаман аурумен күресті": Анастасия Заворотнюктің қызы анасының қазасына қатысты пікір білдірді
“Менің сүйікті күтушім” фильмі арқылы көпшіліктің жүрегінен орын алған актриса Анастасия Заворотнюктің қызы естелігін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://ria.ru/
Актриса 53 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қызы анасының өлімін қалай қабылдағанын айтты.
“Кеше кешке ұялы телефоным мына күнді еске түсірді. Бұл күні 8 жыл бұрын анам екеуміз нөсер жауынның астында қалып, ағаштың астында тығылып қалған едік. Сол кезде Валяға хабарласып, бізді алып кетуін айтқанбыз. Ал кеше түнде бізге қоңырау шалып, сенің өмірден өткенін хабарлады. Анашым, сен бұл өмірде мен үшін ең қымбат жансың. Сенің қызың болғанымды мақтан тұтамын. Мен сені мәңгі сүйіп өтемін. Осы жаңбырлы күндегідей бақытты, сүйікті әрі қайталанбас тұлға ретінде сені мәңгі есімде сақтап қаламын. Менің жаным әркез сенің жаныңда. Таңнан бері телефонымды көз жасыммен сүрттім. Анамның фотоларын көріп отырмын. 5 жылдан бері жаман аурумен күресіп еді. Енді жаны жай табады. Бізді бақылап, демеп жүреді деп сенемін”, – деп жазды марқұмның қызы.
Фото: anna_zavorotnyuk

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
