"5 жыл артынан жүгірдім": Роза Рымбаеваның ұлы жауапсыз махаббаты жайлы айтты
Роза Рымбаеваның екінші ұлы Мәди Рымбаев алғашқы махаббаты жайлы ашық айтты.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gakku арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәди алғашқы махаббатының партадан басталғанын жеткізді.
"Алғашқы махаббатым мектеп партасынан басталды. 5-сыныпта параллель сыныпта оқитын қызға ғашық болдым. Ол орыс сыныбында оқыды. Екеуміз пианино үйірмесіне бірге қатыстық. 11-сыныпқа дейін артынан жүгірдім, бірақ өкінішке орай маған ол қарамады", - дейді Мәди.
Мәди шоу-бизнес өкілдеріне ғашық болып көрмегенін айтты. Одан бөлек қырсық мінезі барын жеткізді. Онысын өзі де жек көреді екен. Сүйікті мезгілі - көктем мен қыс. Кейде әкесімен кездескісі келеді. Қиялға берілгенде, Майкл Джексонмен, Батырхан Шүкеновпен дуэт айтқысы келетін кездері болады. Өмірін музыкасыз елестете алмайды. Сүйікті түсі - қара. Өзінің дене бітіміне, бойына көңілі толатынын айтты.
Халық әртісінің балалары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев аналары туралы айтып берген еді. Ұлдардың сөзінше, Роза Рымбаева үй шаруасына да, шығармашылыққа да үлгереді екен.
Тағы оқыңыз >>>