Туыстарының айтуынша, ерлі-зайыпты 15 жыл бойы азаматтық некеде болған, ортақ қыздары бар. 45 жастағы ер адам ресми түрде жұмыссыз. Соңғы уақытта жүк тасушы болып нәпақа тапқан. Жақындарының сөзінше, ер адам жиі ішімдік ішіп, үйде жанжал шығаратын.
“Біз үйге келгенде газ плитасының артынан сүлгілерді таптық. Сүлгілер қанға боялған, олармен қан іздерін сүртіп, жасырып қойған. Әпкемнің мәйітін қыздың жанына жатқызып, үстін көрпемен жапқан. Содан кейін есікті жауып, кетіп қалған”, – дейді туыстары.
- "Тойға дайындалып жүрген": Талғарда 20 жастағы қыз дәрігердің қабылдауынан кейін көз жұмды
- Қызылордада көршісі баланың көзінше анасы мен әжесін өлтірді деген күдікке ілінді
Оқиғадан кейін күдікті бой тасалап, қашып кеткен. Алайда бір тәуліктің ішінде ол Талғар қаласында ұсталды.
“Алдын ала анықталғандай, отбасылық жанжал барысында ауыл тұрғыны азаматтық некедегі жұбайын екі рет пышақтаған. Соның салдарынан жәбірленуші бірнеше сағаттан кейін көз жұмды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – деді Алматы облысының полиция департаментіндегілер.
Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Ол 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда ер адам азаматтық некедегі әйелін қызының көзінше пышақтап өлтірді деген күдікке ілінген еді.
