5 миллион теңге талап етті: Әйел 13 жастағы қызын сексуалдық құлдыққа сатпақ болған
Мәскеулік әйел қызын жыныстық құлдыққа сатпақ болып, оны эротикалық суретке түсіруге мәжбүрлеген. Оқиғаның егжей-тегжейін Life Shot басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
13 жастағы мектеп оқушысы анасы оны астанаға не үшін апара жатқанын білген. Бұған дейін әйел қызын эротикалық фотосессиялар жасауға мәжбүр еткен, фото кадрлары қыздың телефонынан табылған.
Ресейлік әйел арнайы жедел қызметкерлер бақылауында болған келісім кезінде ұсталған. Полицияда әйел оның үш баласы бар екенін, ал қыздың әкесі түрмеде отырғанын айтты.
Оқушы қыз қамқоршылық органдарына берілді.
Ұсталған азаматқа қатысты "дәрменсіз жағдайдағы кәмелетке толмаған баланы сату" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, ресейлік әйел 2020 жылдың қараша айында интернетте қызының құлдыққа сатылғаны туралы "жыныстық қызмет көрсету" бойынша жарнама орналастырған. Баланы ол миллион рубльге сатпақ болған (5,6 млн теңге). Осыдан кейін әйел қызын Мәскеудің солтүстігіндегі қонақ үйлердің біріне "келісім" бойынша алып келген.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
