Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

“5 айлық зағип қыздың ақшасын бермеген”: Ілияс Сариевтың тағы бір былығы ашылды

Фото: ашық дереккөз

"Елге көмек бер" қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариев туралы тағы да тың дерек шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай айтты. Бұған дейін де журналист ерікті жайлы көп ақпаратты жариялаған еді. 

Оның айтуынша, Ілияс зағип қызы бар анаға көмек беремін деп алдап, жылу жиған. Алайда, жиналған қаржының тек 3 милионын ғана аударғаны белгілі болды.

“Екі көзі зағип 5 айлық қызға Ілияс 2024 жылы сбор ашады. Мақсаты халықтан 15 миллион теңге жинап, науқасты ота жасау үшін Түркияға жіберу.  Ілияс ата-анаға "ақша жиналды, Түркияға бара беріңіздер",-дейді. Алайда Сариев мұқтаж отбасының қолына қаражат бермейді. Десе де Раушан ханым немересін алып, Түркияға өз ақшасына аттанады.  Тек бесінші күні ғана блогер 3 миллион теңге аударып жібереді. Толық сомманы төлей алмаған соң, Раушан ханым ақыр соңында немересіне қажетті ем ала алмай елге қайтқан”, – деді журналист. 


  • "Жалғыз басты анаға 2 миллион теңге алдырған": Ілияс Сариевтің тағы бір былығы әшкере болды
  • "Жалған психологтар мен "коучтар" көбейіп кетті": Президент қайырымдылыққа деп ақша жинап, жеке басының пайдасына жарататындарға ескерту жасады


Еске салайық, "Қазақ Робин Гуд" деп танылған блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінген еді. 

“Ілияс Сариев алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған. Осындай ақпарат келіп түсті. Оған қатысты бірнеше азаматтан шағым түскен. Әзірге белгілісі – ол осы шағымдар негізінде ұсталғаны", – деп жазды Орынбеков әлеуметтік желідегі парақшасында.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 07 Мамыр, 2025 09:00
Талқылау