Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 5 адамның өмірін бір донор құтқарды

ҚР Ұлттық кардиохирургиялық орталығының басқарма төрағасы Юрий Пя 5 адамның өмірін құтқарған донор туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"30 жастағы ер адамның ми тамырлары жарылып, Павлодар қаласының №1 ауруханасына түскен. Салдарынан миға өте көп қан құйылған және оның жұмысы нашарлаған. Марқұм жоғары қан қысымымен ауырып, гипертониялық қысымы болған. Шамасы, науқас ауруды ескермей жүре берген", - деді Юрий Пя кардиохирургиялық орталықта өткен баспасөз мәслихатында.

Дәрігер 2019 жылдың тамызынан бері қайтыс болған адамның органдарынан трансплантация жасалмағанын айтты және марқұмның мүшелерін беруге келісім берген туыстарына 5 адамның өмірін құтқарып қалғандары үшін алғыс айтты.

"Біздің орталықта марқұмның жүрегі мен өкпесі екі науқасқа салынды. Жүрек 35 жастағы ер адамға трансплантацияланса, ал өкпе - 41 жастар әйелдің өмірін сақтап қалды. Сонымен қатар, екі бүйрек тағы екі науқасқа тасымалданды. Ал, бауыр Алматыдағы қаласының тұрғынына берілді. Осылайша, карантинге қарамастан, 5 адамға сәтті ота жасалды", - деді Юрий Пя.

STAN.KZ
Жұма, 22 Мамыр, 2020 15:51
Талқылау