AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

473 теңгеге жуықтайды: Қазақстандық сарапшылар доллар бағамына болжау жасады

Қазақстандық қаржы сарапшылары осы аптада теңгенің долларға шаққандағы бағамы қайта құлдырайтынын болжап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап. 

доллар

Сарапшылар мұның себебін теңгенің рубльмен байланысын сақтауы деп есептейді. Бұған қоса олар Ресейде енді өздерінің валютасын қолдауға бағытталған шаралар жүргізілмейтінін айтады. 

“Соңғы кездері ұлттық валюта мұнай бағасы мен басқа да факторлардан гөрі рубльдің долларға шаққандағы бағамына тәуелді. Ресейдің Орталық банкі валюталық операцияларға қатысты бірқатар шектеулерді алып тастады. Енді елде еуроны да, долларды да қолма-қол ақшамен сатып алуға болады, бірақ белгілі бір шек сақталады. Сонымен қатар брокерлер арқылы шетел валютасын сатып алу үшін 12% комиссия жойылды. Мұның барлығы рубльдің долларға шаққанда әлсіреуіне әкеледі. Дәл осы ақша-несие саясаты қазір көрші ел үшін тиімдірек”, – дейді қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев.

Еске салайық, өткен аптада елімізде доллар бағамы төмендеген еді. Қазақстан қор биржасының мәліметіне сүйенсек, қазір (11 сәуірде) 1 доллар 446,04 теңгеге тең. 

Дегенмен Қазақстан қаржыгерлері мамыр айының басына қарай елде доллар ресми түрде 473 теңгеге жуықтайды деп болжап отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр