Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

+46°С-қа дейін ыстық: "Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

“Қазгидромет” мамандары Қазақстан бойынша 2022 жылдың 23-25 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер мәліметінше, еліміздің оңтүстігі және оңтүстік-шығысында аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ыстық

Республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады. 25 шілдеде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана кезең бойы жауын-шашынсыз ауа райы болмақ, солайша Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. 

Күндізгі уақытта республиканың батыс жартысында ауа температурасы +27 +42°С-тан +23 +35°С-қа дейін төмендейді. Ал ауа температурасының аздап көтерілуі елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде күтіледі: мұнда термометрлер + 25 +38°С белгісіне жетеді.

Республиканың солтүстігінде, шығысында болса температуралық фон +22 +30°С-қа, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +34 + 46°С дейін өте қатты ыстық сақталады.

Назархан Уән
Жұма, 22 Шілде, 2022 15:39
Талқылау