Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

46°C-қа дейін ыстық болады: Елімізде алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: blizko.by

"Қазгидромет" 5-7 шілдеге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 5 шілдеде солтүстікте, 5-6 шілдеде Қазақстанның шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, бұрқасын болады.



Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл болады. 

5 шілдеде еліміздің шығысында күндіз өте қатты ыстық +40...+42 градус, оңтүстігінде +45...+46 градус, оңтүстік-шығыста +40...+45 градус жылы болмақ. 

Қалған аймақтарда ауа райы өзгеріссіз қалады. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматының Таугүл шағын ауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары қатты жауын-шашын салдарынан шатырдан су өтіп кеткенін айтып шағымданған еді. Ал ғимараттың шатырын қатты соққан жер ұшырып әкеткен. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 04 Шілде, 2025 17:05
Талқылау