"45 миллион теңге қарызға кірдім": Нұрлан Еспановтың ұлы қаржы қиындығына тап болғанын айтты
Фото: https://www.instagram.com/espanov_olzhas/
Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас қаржыдан қиналып жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің ұлы миллион теңгеге жуық қарызға кіріп кеткен.
“45 млн теңге кредит, 2 жылға созылған уақыт. Менде бәрі идеально емес, бәрінің басында проблема бар. Мүңайып, қайғырып, түңіліп болғанмын. Адамды білмей, танымай, араласпай адамды сөгуге болмайды негізі. Бұл да бір сынақ деп ойлаймын. Алаяқтыққа ұрынып 45 млн-ға қадалып көрдіңіз бе?! 2 жыл осы кредитпен әлек болып жүрмін. Бармаған жер, баспаған тау қалмады. Үкіметтік органдар, ешкім жұмыс істегісі келмейді. Банктегілер бізді қораға тыққысы келеді жоқ машинаның кредитін төлеңдер деп. Вообщем айта берсең кино, сериал, дорама ғой. Кредит менің мойнымда, 45 млн теңге төлеуім керек”, – деп жазды Олжас.
Еске салайық, Нұрлан Еспановтың ұлы "Қайрат – Реал" матчына билет сатып, көпшіліктің ашуына тиген еді. Одан кейін Ішкі істер министрлігі Сәкен Майғазиев және Нұрлан Еспановтың ұлдарына қатысты билет сату ісін тексеруге дайын екенін айтты.
“Бұл мәліметті алғаш рет сіздерден естіп отырмын. Егер қандай да бір адам ресми түрде шағым түсірсе, заң аясында тексеру жүргіземіз", – деді Әділов мәжіліс кулуарында.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
