Былтыр 4,5 миллион ресейлік Қазақстанға келген – Елші
Фото: Stan.kz
Ресей Федерациясындағы Қазақстанның елшісі Дәурен Абаев екі ел арасындағы туристік әлеует туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Коммерсантъ" газетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Дәурен Абаевтың айтуынша, былтыр Қазақстанға шамамен 4,5 миллион ресейлік азамат келген. Сол кезеңде 3,5 миллион қазақстандық Ресейге сапарлаған көрінеді.
“Туристер арасында ең көп сұранысқа ие өңірлер – Алматы және Ақмола облыстары. Мұнда жыл сайынғы туристік ағын 1,5 миллион адамға жетеді. Алматы тау кластері, Маңғыстау және Бурабай-Щучинск курорттық аймақтарында туризмді дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр”, – деді елші Дәурен Абаев.
Абаевтың айтуынша, Орал өңірі білім беру, өндірістік және медициналық туризммен қызықтырады.
"Бұл аймақта тау-кен зауыттық өркениеттің бай мұрасы бар. Мұнда "Иннопром" халықаралық өнеркәсіп көрмесінен бастап, Ural Music Night музыкалық фестиваліне дейін көптеген қызық әрі ауқымды іс-шаралар өтеді. Менің білуімше, қазақстандық туристер діни туризмге де қызығушылық танытады. Атап айтқанда, олар Екатеринбургке “Патшалық күндерге” келеді", – деді елші.
Туристерге Бурабайдағы Жұмбақтасқа шығуға тыйым салынды: Ескертуге құлақ аспағандар айыппұл төлейді
Сарапшы жалғыз саяхаттауға болмайтын жеті елді атады
Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова Қазақстанда заңсыз шетелдік гидтер мен туроператорлар ел имиджін бұзып, секс-туризм туралы теріс көзқарас қалыптастырып жатқанын айтты. Үндістан мен Пәкістаннан келген студенттер заңсыз гид болып жұмыс істейді. Бюджет 1 миллиард теңге шығынға ұшыраған. Депутат туризмді реттеу үшін гидтерді сертификаттау, туристік полицияны күшейту, инфрақұрылым мен бақылауды жақсарту және шетел азаматтарына қойылған қаржылық шектеулерді алып тастау секілді ұсыныстар жасады.