Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алдағы күндері 45 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 20-22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Деректерге сай, алдағы күндері еліміздің бірнеше аймағында аязды ауа райы сақталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет iStock

Мамандар, арктикалық антициклон әсерінен еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аязды ауа-райы сақталатынын жеткізді. Алайда еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасын болады деп болжанды. Таулы аймақтарда қалың қар жауып, республиканың оңтүстік-шығысында аяз біртіндеп басылады.



Ауа температурасы батыста түнде -10 -25 градусқа дейін, күндіз -5 -15 градус аяз болады. Солтүстік және орталық аймақтарда түнде -28 -38 градус, күндіз -15 -23 градус аяз болады. Шығыс аймақтарда түнде -32 -45 градус, күндіз -20 -32 градус аяз болжанды. Ал еліміздің оңтүстік-шығысында түнде -15 -25 градус аяз, күндіз 0 -13 градусқа дейін болжанған.

Талқылау