Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

42500 теңгелік әлеуметтік төлем: Қазақстанда жәрдемақыны тамыз айында толық төлеу қарастырылуда

Қазақстанда кинотеатрлар, барлар мен түнгі және ойын клубтары, караокенің жұмысына қойылған шектеу алынбайды. Сол себепті еліміздің үкіметі ойын-сауық орындарының қызметкерлеріне 42 500 теңгелік төлемақыны толығымен тағайындауды қарастыруда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Кейбір нысандардың жұмысына қойылған шектеу өзгертілмейді. Сол себепті осыған байланысты ұсыныстар ( 42 500 теңге - редакция түсініктемесі) жасаудамыз", - деді "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Елдар Жұмғазиев. 

Бұған қоса ол бұл мәселе түптеп келгенде ел бюджетінің мүмкіндіктеріне қарай орындалатының алға тартты. Алдағы екі күнде бұл сұрақ ұлттық экономика министрлігінде қаралады.

Айта кетейікғ елімзде карантин 17 тамыздан бастап жеңілдетіледі. Десек те бірқатар нысандардың қойылған шектеу шаралары алынбайды. 

Талқылау