Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

42 мың теңге айыппұл: Қазақстанда темекі мен кальян шегуге тыйым салынған орындар тізімі кеңейтілді

Қазақстанда темекі шегуге тыйым салынған орындар тізімі кеңейтілді. Жабық автобус аялдамалары, ойын алаңдары, метро және жерасты өткелдерінде темекі шегіге тыйым салынды.

Мамандар темекі тастаудың жаңа әдісін айтты

Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлады.

Аталған жерлерде электрондық темекі шегуге, кальян мен темекі өнімдерінің барлық түрлеріне темекі шегуге тыйым салынды.

Кальяндарға түрлі мекемелерде тыйым салынды.

«Біздің жастар мекемелерде кальян қолданады. Қазір оларға тыйым салынған. Кафелерде, қоғамдық орындарда, көшеде шегег алмайды, оны тек үйде ғана қолдана алады», - деді алкоголь және темекі өнімдерін сату қауымдастығының атқарушы директоры Темірлан Жақыпбеков.

Кальян мен темекіні дұрыс емес жерде шеккені үшін айыппұл салынуы мүмкін. Айыппұл мөлшері екі есе дерлік артты, ол 42 мың теңгені құрайды.

Бұдан басқа, бұрын хабарланғандай, енді темекіні және кальянға арналған түрлі қоспаларды 21 жастан бастап  қана сатып алуға болады, сатушылар сатып алушылардан жеке куәліктерін талап етуі керек.

Тағы бір жаңалық - темекі мен кальян қоспалары дүкен сөрелерінде көрінбейді. Бұл ереже келесі жылдан бастап күшіне енеді.

Талқылау