Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"42 градусқа дейінгі ыстық": Синоптиктер алдағы күндерге ел аймақтарына арналған ауа райы болжамын жасады

Қазгидромет алдағы күндері елміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз болатынын мәлімдеді. Республиканың кей аймақтарында қатты жаңбыр, найзағай, жел мен бұршақтың жаууы болжанған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Синоптиктердің болжамынша, көптеген облыстарда температура 27-35 градусқа дейін, ал оңтүстікте 35-42 градусқа дейін көтеріледі.

Ұлытау облысында  күндіз 35-38 градус қатты ыстық болжанған. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында найзағай болжанған, облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысында қатты жаңбыр жауын жауады деп болжанып отыр. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады.

Түркістан облысында күндіз 40 градус қатты ыстық болады деп болжанды.

Павлодар облысында қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Солтүстігінде, батыста, оңтүстікте найзағай, тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ, дауыл болады.

Абай облысында найзағай болжанған. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады деп болжанып отыр. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысында 40-43 градус қатты ыстық болады деп болжанды. Облыстың батысында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында найзағай болады деп болжанды. 

Ақтөбе облысында облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында облыс бойынша өрт қаупі жоғары, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталып, тұман болжанды.

Қостанай облысында қатты жаңбыр жауады. Түнде батыста, облыстың солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ жауады.

Атырау облысында облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болады.

Астанада жаңбыр мен найзағай болжанған.

Талқылау