Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40°С-қа дейін ыстық болады: Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алдағы күндері Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында күн күрт суытады. Циклонның соңынан жаңбыр бұлттары және салқын ауа массалары енеді. Елдің оңтүстік жартысы баяу жылжитын циклонмен қалыптасқан құрғақ және ыстық ауа-райы аймағында қалады.

Ауа температурасынының батыста түнде + 10 + 18°С-тан +8+16°С-қа дейін, күндіз +23+31°С-тан +17+25°С-қа дейін, солтүстік-батыста түнде +15+23°С-тан+10 +18°С-қа дейін, күндіз+27 +35°С-тан + 21+28 °С-қа дейін, елдің солтүстігінде + 15 + 23°-тан 8+16 °С-қа дейін, күндіз + 25+35-тен +17+25°С-қа дейін төмендеуі болжанады.

Республиканың орталығында негізгі фон түнде +10+22°С, күндіз + 30+38°С, елдің шығысында ауа температурасының түнде +4 +15°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +22+27°С-тан +30+38°С-қа дейін жоғырылауы күтіледі. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде +15+25°С, күндіз +30+40°С болады. 

Талқылау