"2 миллион теңге": Атырауда қонақүй қызметкері бөлмеден тауып алған қомақты ақшаны иесіне қайтарып берді
Атырауда қонақүй қызметкері қонақ ұмытып кеткен күртеше қалтасында 4000 еуро (2 миллион теңгедей) тауып алған. Қызметкер қаражатты иесіне қайтаруды шешкен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” порталына сілтеме жасап.
Атыраудың орталық аудандарының бірінде орналасқан қонақүйдің біріне Ресейден келген кәсіпкер жайғасқан. Кейін ол кері жолға шығып кетеді. Ал босаған бөлмені жинауға келген қыз ақша тауып алып оны иесіне қайтаруды шешкен. Ол ақшаны өзінде қалдырмай түгел әкімшілікке апарып берген.
“Күрте тауып алдым, оның ішінде бір бума ақша болды. Әрине, тапқанымды әкімшілікке апардым. Басқа қалай істеуім керек еді”,- деді Рымзия.
Қонақ үй басшылығы бірден жолға шыққан ресейлікке хабар берген. Шетелдік досын бірден жіберді. Досымен байланысып, ештеңе ұрланбағанына көз жеткізді. Ақша иесі мұндай адалдықты күтпесе керек.
Рсейлік азамат қызметшіге адалдығы үшін сый қалдырмады. Алайда алғысын айтты. Бірақ қонақүй басшылығы оны адалдығы үшін қосымша жалақымен марапаттады.
"Команданың шыншыл және тәрбиелі таңдалғаны жақсы. Осындай қызмет көрсету арқылы біз өзіміз туралы, Атырау туралы жақсы әсер қалдырамыз", - деп бөлісті қонақүйдің басшыларының бірі Ерік Ботқанов.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
