Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40 жыл бойы жасырып келген: Алматылық келіншекті 5 жасында көршілері зорлаған

Келіншекті 5 жасында көршілері зорлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Бір сұрақ?" бағдарламасына сілтеме жасап. 

40 жыл бойы жасырып келген: Алматылық келіншекті 5 жасында көршілері зорлаған

Ләззат Рақышова есімді келіншек қазір қырықтың бел ортасына келсе де, өткенін есіне алып, 5 жасар өзінің қандай жағдайға тап болғанын айтып көзіне жас алады. 40 жыл бойы құпиясын жасырған ол бар сырын қағазға ақтарған. Әкесі мен күйеуі де оқиғасы туралы кітабынан оқып білген. Осылайша, анасынан ерте айырылып, жан бағу үшін әкесін жұмысқа жіберіп, өзі үйде ағасымен қалып жүрген 5 жасар қызды 18 жастағы бірнеше көршісі зорлаған екен.

"Екі жыл бұрын кітабым шықты. Кітапта барлығы жазылды. Кітап шықпастан бір күн бұрын әкем, бір апта бұрын күйеуім естіді. Мен анамнан алты айлығымда айырылғанмын. Мен кішкентаймын, 5-тен асқан шағым. Жетінші сынып оқитын ағам бар, екеуіміз үйде қалғанбыз. Таңертеңнен кешке дейін ауылда есіктің алдында ойнаймыз. Бізге қарап жатқан үлкен кісілер жоқ. Бұған істесек, не жасап жатқанымызды ұқпайды деп ойлапты. Бұл оқиға 40 жыл бұрын болса да, ұмытылмайды", - дейді Ләззат Рақышова.

Қараусыз қалған кішкентай қызға білгенін жасаған жасөспірімдер оны өлдіге санап, төсекке жатқызып, қашып кеткен. Ләззат әкесін де, ағасын да айыптамайтынын айтты. 40 жыл өткеннен кейін бұл туралы жариялағанда жақындары керісінше қолдау көрсетіп, жанынан табылған көрінеді. 

"Кешқұрым диванға барып, жатып қалғанмын. Көршінің 18 жастағы екі баласы кіреді. Кіргендерін де білмеймін. Жастықпен тұншықтырып, мен таламын. Сосын білгендерін жасаған. Талғаннан кейін, зорлап болған соң өліп қалды деп ойлап, төсегіме жатқызып кеткен. Солай бірнеше күн жаттым. Ағам доп қуып келеді, өзі де бала, маған қарайтындай емес. Әкем іс-сапарға кеткен. Ол кезде бәрі бір-біріне сеніп жүретін, көршіге тапсырып кететін", - дейді Ләззат Рақышова. 

Оқиғаны күйеуіне айтқан ол, бастапқыда жарының сөйлеспей жүргенін жеткізді. Дегенмен артынан күйеуі түсіністік танытыпты. Ләззатты зорлаған көршілері қазір бұл өмірде жоқ. Олар біраз уақыт бұрын ішкіліктен көз жұмған. Қазіргі таңда келіншек өзі секілді қыздарға көмектескісі келеді.

Талқылау