40 жастан кейін ер адамдардың физиологиясында қандай өзгерістер болады
Ер адам 40 жасқа келгенде қамал алады. Демек, жүріс-тұрысы, ақыл-ойы да осы сөзге сай келеді. Ал қырықты алқымдаған ер адамдардың бойында қандай физиологиялық өзгерістер болады?
Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдаралмасында айтылды.
Ең бірінші, гормоналды өзгерістер байқалады. Ер адамның негізін қалаушы тестостерон гормоны. Ол бұлшық ет, дауыс, тәннің әдемілігіне жауап береді. Ал тестостеронның мөлшері төмендеген сайын салмақ қосып, артериалды қысым жоғарылайды. Тестестерон қалыпты көрсеткіштен 25%-ға төмендесе, жүрек-қан тамырлары ауруларынан туындайтын өлім 40%-ға артады. Жүректің ишемиялық ауруы, қант диабетіне бейімділік пайда бола бастайды.
Көп адам еркек қырықтан асқанда сексуалдық белсенділігі төмендейді деп ойлайды. Ол жай сөз. Біріншіден, беделін жоғары ұстайтын ер адам өз-өзіне, денсаулығына, ішетін тамағына ерекше мән беріп, жаман әдеттерге бет бұрмай сексуалдық белсенділігін қартайған шаққа дейін қалпында ұстай алады.
“Ер адамдар жаңа әсер алу үшін әйел ауыстырады” дейді. Шын мәнінде, ер адамдар жасы келген сайын тұрақтылықты көздейді. Жаңа әйел – жаңа күйзеліс деп жоламауға тырысады. Дәл осы жаста ер адамдар виагра ішіп, потенцияны жоғарылатады дегенді естіген боларсыздар. Естеріңізде болсын, дәрігердің кеңесінсіз қабылданған дәрігерлер қайғылы оқиғаға душар етуі мүмкін.
“Еркектік климакс” деген түсінік бар. Яғни ер адамның сексуалды қызығушылығы төмендеп, денсаулығы қалыпты жағдайда болады. Органикалық импотенция өзгеріске ұшыраса, дәрігерге қаралу керек. Ал ситуациялық импотенция кезінде психотерапевт дәрігерден кеңес алған дұрыс.
Бұл жаста ащы, майлы, тұзды және тәтті тағамды азайтамыз. Ал бұл тағамдарды көп тұтынсаңыз, көп қозғалуыңыз керек болады. Қырықтан кейін еті мол, жеміс-жидек, көкөністерді және салатты көп тұтыну қажет. Бір темекі өмірді төрт минутқа қысқартады. Спирттік ішімдіктердің ішінде ең зияны – сыра. Бұның ішінде табиғи эстроген, яғни әйел гормоны бар.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Астаналық қария қартайғанда өзіне қамқорлық көрсетпеген ұлы туралы айтып ашынды
Жас келіншек бұрынғы әйелімен төсектес болған күйеуін қызғанып жүр
Тұрмыста таршылық көрген шымкенттік ару бүйрегін сатпақ
Қазақстан мектептеріндегі сабақтар 40 минуттан оқытылатын болды