Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40 жастан асқан соң қандай тағамдарды жемеген абзал?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қазіргі замандағы адамдардың жастық шағы орта есеппен 42 жаста аяқталады. Бұл уақытқа дейін адам ағзасы бәріне төзімді келеді. Ал, одан соң ағзаның жұмысы өзгере бастайды.

40 жастан асқан адамдардың төменде аталған 5 тағамды жемегені абзал.

1.Қант

Ғылым соңғы кездері қанттың адам миына, жүрегіне, қантамырына, иммунитет пен гормонынан кері әсер ететінін дәлелдеп жатыр. Ал, америкалық ғалымдар жақында зерттеу жүргізіп, 45 жастан асқандардың ішінде қантты көп тұтынатындардың жүрек ауруынан көз жұматынын мәлімдеді. Халықаралық талапқа сай, ерлер күнінен 36 грамнан, әйелдер 20 грамнан артық қант жемеуі керек. 36 грамм – 7 шай қасық, 20 грамм – 4 шай қасыққа тең. Бұл жеміс құрамындағы қант мөлшерімен қоса есептелгендегі мөлшер.

2. Ақ ұннан дайындалған тағамдар

Әсіресе ұннан дайындалған тағамдарды аз жеу керек, оның ішінде ақ ұнның зияны бар. Ақ ұнда зиянды крахмал көп. Ол ағзадағы глюкозаны көбейтіп, қан құрамындағы қантты көтереді. Ұнның орнына сұлы, бадам, кокосты пайдаланған жөн. Одан да пайдалысы кептірілген кебек. Оның құрамында тек адамға пайдалы заттар бар.

3.Тұз

Ғылымда тұздың жүрек қантамыр жүйесін әлсірететіні дәлелденген. Ол,  әсіресе, жүрек талмасының болуына әсер етеді. Тұзы көп тағамдар қатарында шұжық, дайын консервіленген еттер, шпрот, соус пен кетчуп бар. Мұның бәрін көп жемегеніңіз жақсы. Олардың құрамында тұз бен дәмдеуіш көп.

4. Трансмайы көп тағамдар

Жүрек ауруына майлы тағамдар да әсер етеді. Әсіресе өндірісте көп қолданылатын маргариннің зияны көп. Тағамды майға қуырып жеу де кері әсер етеді. Етте 5 пайызға дейін трансмайлар болады.

5. Қызыл ет

Ғалымдар адам ағзасында етті аз жеу керек екенін айтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қызыл етті темекі секілді зиянды заттар қатарына жатқызды. Қызыл ет, әсіресе, шұжық түрінде өте зиянды.

Тағы оқыңыз:

Құлағыңызға қарап денсаулығыңыз туралы не біле аласыз?

Ғалымдар айнаға көп қараудың денсаулыққа зиян екенін анықтады

Ғалымдар тырнақ әрлеудің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін анықтады

Талқылау