AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40 мың қазақстандық лицензиясынан айырылған банктерден ақшаларын алмаған

40 мың қазақстандық лицензиясынан айырылған екінші деңгейлі банктен ақшаларын алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ал салымшылар үшінші шілдеге дейін қаржы ұйымындағы қаражатын шешу үшін өтініш беруі керек еді.

Депозиттерді кепілдендіру қоры лицензиясынан айырылған банктегі салымшылардың 90 миллион теңгесін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шоттарына аударыпты.

Айта кететін жайт, "іздеусіз қалған ақшалар" салымшылардың жеке деректері қордағы ақпаратпен сәйкес келген азаматтарға ғана жіберілген. Енді бұл ақша, адамдар зейнетке шыққанда зейнетақы ретінде қайтарылады.

Ал жұмысын тоқтатқан банктерден ақшасын алу үшін шетелде немесе әскерде жүріп өтінішті беріп үлгермеген азаматтар депозиттерді кепілдендіру қорына қайта өтінім бере алады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр