40 мың доллар: Мемлекеттің Эльмира Суханбердиеваны шетелде оқытуға қанша қаржы жұмсағаны белгілі болды

Бірнеше күн бұрын тұтқындалған Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева 2 жыл бұрын даудың ортасында қалған еді. Оған шенеуніктің АҚШ-та білім алуы себеп болған. Белгілі болғандай, министрдің орынбасары шетелде білім алу үшін мемлекеттен 40 мың доллар (15 млн 300 мың теңгеден аса) көлемінде қаржы жұмсалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

2017 жылы БАҚ-та Суханбердиеваның «Болашақ» стипендиясына иеленгені хабарланған еді. «Хабар 24» арнасының мәліметінше, оның шетелде білім алуына мемлекеттік бюджеттен 40 мың доллар (15 млн 300 мың теңгеден аса) жұмсалған. 

Артынша өзге басылымдарда Суханбердиеваның стипендияға заңсыз иеленгені, тізімде оның есімі жоқ екені жазыла бастады. Сол кезде оны жақтаған «Халықаралық бағдарламалар орталығының» басшысы Жанболат Мелдешов тестілеудің және қүұжаттарды тапсыру процесінің қалай өткенін түсіндіріп берген еді. 

Орталық басшысы Жанболат Мелдешовтың сөзінше, байқаудың алғашқы екі кезеңінен өткендердің тізімінде вице-министрдің есімі болмаған. Себебі ол тестілеуден өз қаражатына өтіпті. Ал орталықтың сайтында топтық тестілеуден өткендердің тізімі жарияланады, дейді ол. 

«Эльмира Амангелдіқызының Беркли университетінен алған шақыртуы бар. Сондықтан ол бірінші кеезңнен өтті. Екінші кезең – қазақ тілін білуі. Онда екі нұсқа бар. Топпен немесе өз есебінен жеңе тапсырады. Эльмира Амангелдіқызы сертификат алып келіп, «Қазтест» тестілеуінен өз есебінен өтті. 135 ұпай жинады. Өту ұпайы 150-дің 75-ін құрайды», - дейді Мелдешов. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық бюро білім және ғылым министрінің орынбасарына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді. Артынша министрдің орынбасары екі айға тұтқындалды

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең бай адамның бірі қайтыс болды

Өлімнің себебі айтылмады

50 миллионды қолды қылған: Алматыда 33 жастағы келіншек алаяқ болып шықты

Құйтырқы әрекетін ол тұрғынүй инспекциясының алдында жүріп жасаған екен

Ресейде зорланған қазақстандық қыздың оқиғасына қатысты жаңа деректер анықталды

Қазіргі уақытты 3 полиция қызметкері күдіктеліп отыр

Спортшылар қанша табыс табады: Хабиб Дастин Порьемен жекпе-жек өткізеді

Айқас Біріккен Араб Әмірлігінде өтпек

Ерлі-зайыпты көлден екі аузы бар балық аулады

Олар балықты суретке түсірген соң қайта суға жібере салды

Суға батқан қыздың әруағы жүреді: Қуыршақтардан тұратын әлемдегі ең қорқынышты мекен анықталды

Аңыз бойынша, аралда өмір сүрген адам суға батқан қызды құтқара алмаған

Қазақстанда атаулы көмек алатын 70 мың отбасы қайта тексеріледі

Сапарбаев: 300 мың жалақы алатындар құжатқа 40 мың жалақы аламыз деп көрсетеді

Атыраудағы драма театры толықтай кәсіпкерлердің есебінен қалпына келтіріледі

Комиссия өрттен болған нұқсанның нақты көлемін анықтап жатыр

Жәкішевтің апелляциялық сот отырысын тағы да кейінге қалдырды

Бұған дейін апелляциялық сот 27 тамызға ауыстырылған еді

"Парашют ашылмай қалды": Алматы облысында тікұшақтан секірген әскери қызметкер көз жұмды

Әскери қызметкер қосымша парашютті қолданбаған
Çàãðóçêà...