40 градус ыстық: Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды
20 тамызда Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен шаңды дауыл соғады. Өрт қаупі сақталуда. Қызылордада солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ға жетеді, шаңды дауыл болады.
Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі. Таулы аудандар мен облыстың батысында солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. Өрт қаупі сақталуда. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел күтіледі. Өрт қаупі бүкіл өңірде сақталуда. Оралда күндіз 40 градус ыстық күтіледі.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Өрт қаупі жоғары. Жезқазғанда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с-ға жетеді.
Жамбыл облысында, таулы және тау бөктерінде найзағай ойнап, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 20-22 тамызда солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында 15-20 м/с, 21 тамызда екпіні 23 м/с-ға жетеді. Өрт қаупі сақталуда. Таразда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
