AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"4 жыл бұрын некеге тұрдық": Отбасын құрған Ninety One рэпері жұбайы туралы айтты

Өткен аптада Ninety one тобының мүшесі, рэпер Дулат Мұхаметқали (ZAQ) үйленді. Екі жастың тойы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Көпшіліктің қызығушылығын оятқан рэпер жұбайымен таныстығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Екі жас осыдан 5 жыл бұрын "Су асты" бейнебаянының түсірілімінде танысқан. Бет әрлеуші Жадыра Ninety one тобымен турнеге шығып, бірнеше ай бойы топпен бірге ел аралаған. Алайда жасы үлкен болғандықтан, алғашқыда Дулатқа жігіт ретінде қарамағанын айтады. 

"Бірінші кездесуде ешқандай әсер қалдырған жоқ. Өйткені өзім ұяң қызбын. Әртістердің бетін боясам да, көздеріне тіке қарамаймын деген ережем бар. Ол кезде барлық жігіттерден ұялатынмын", – деп бөлісті Жадыра Мәди Тұрғынбаевқа берген сұхбатында. 

Ол Дулатпен алғаш қалай сөйлескенін әңгімеледі. 

"Оның жасы менен кіші. Сондықтан інім сияқты қабылдадым. Турне кезінде 4 ай бірге жүрдік. Қаладан қалаға жол жүрген кезде көп әңгімелесетінбіз. Әдетте мен жалғыз отыратынмын. Бір жолы Bala менімен орын ауысуды сұрады. Әдейі жасады ма, әлде кездейсоқ солай болды ма, білмеймін. Сол кезде Дулаттың жанына отырдым. Түнімен әңгімелестік. Бұл әлемге көзқарасымыз бірдей екенін түсінген кезде қатты таңғалдым. Ондай адам өмірде жоқ шығар деп ойладым", – деп бөлісті рэпердің жұбайы.



Ал Zaq Жадыраны бір көргеннен ұнатқанын айтады. "Бірінші рет көріскен кезде ерекше екені бірден көрініп тұрды. Бір көргеннен ғашық болдым. Оны түсіну үшін сөйлесудің де керегі болған жоқ. 

"Баяу" бейнебаянының түсірілімінде екеуміз жалғыз қалып, сөйлесіп қалдық",  – деді ол.

Екі жастың үйлену тойы енді тойланғанымен, екеуі осыдан 4 жылдай бұрын некелерін қидырған. Осы себепті де Zaq сүйіктісіне үйлену туралы ресми ұсыныс жасамаған. 

"Неке, құдалық, қазақтың дәстүрі бойынша не болу керек, бәрі болып кетті. Тек ресми түрде жариялаған жоқпыз, ЗАГС-ке тіркеуге тұрған жоқпыз", – дейді рэпер. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр