Ер адамның айтуынша, сол күні ол балаларды тамақтандырған, кейін олар бірге планшет қарап отырған, ал өзі үстелді жинап жүріпті. Кейін 10-15 минут өткен соң балалар отырған бөлменің жанынан өтіп бара жатқанда, 4 жасар қызының жалаңаш жатқанын, ал 8 жасар баланы шалбары түсірілген күйде көрген.
“Ол қызымның үстінде дәл ересек адамдар сияқты жатты. Мен жүгіріп барып: "Не істеп жатырсың?" дедім. Қызымды қарап жатқанда, ол тұрып, тез киініп үлгерді. Сол сәттен кейін істегенімді білмеймін. Кейін әйелім келді, оған телефон соғып үлгердім”, – дейді ер адам.
Ер адам "ұят болады" деген себеппен болған жай туралы полицияға арыз жазбаған. Оның айтуынша, тіпті қызын гинекологқа көрсеткен кезде де, әткеншектен құлады деп өтірік айтқан көрінеді. Алмас балаға емдеу үшін қаржылай көмек көрсетуді қалап, дау-дамай шығармай, отбасының құпиясын сыртқа шығармауға тырысқан. Алайда жағдай жарияланған соң, ол өз нұсқасын айтуды жөн санапты.