Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4 жасар қызды тепкен түркиялық азаматқа қатысты елшілік пікір білдірді

Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі Алматы облысында 4 жасар бүлдіршінді тепкен түркиялық азаматқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Алматыда кішкентай балаға қатысты болған күш көрсету оқиғасын өкінішпен қабылдадық. Зорлық-зомбылықтың ешбір түрін, қалай және кім жасағанына қарамастан қабылдамайтынымызды жеткізе отырып, кішкентай балақай мен оның отбасына тез сауығып кетуін тілейміз", – деп жазды Түркия елшілігі әлеуметтік желіде.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысындағы сауда орталығында 4 жасар қызды тепкен шетелдік екі айға қамауға алынғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау