Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4-ші қабаттың терезесінен құлаған алты жасар қыз ғажайыптың күшімен аман қалды

Томскіде төртінші қабаттың терезесінен құлаған 6 жасар қыз ғажайыптың күшімен аман қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Mash Telegram каналының хабарлауынша, биіктен құлаған қыз тірі қалған: ол қар үйіндісіне түсіп, үстін қағып, үйіне қарай жүріп кеткен. Оқиғадан кейін бала үйіне жалаңаяқ, үсті қар болып келген. 

Қызды дереу ауруханаға апарған. Полиция жағдайдың қалай болғанын анықтап жатыр.

Кейін қыздың терезеден құлаған түні жан сақтау бөлімінде болғаны белгілі болды. Балаға мидың жарақаты және іштің көгеруі диагнозы қойылған.

Томск облысының денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, қазір бүлдіршін кәдімгі палатаға ауыстырылған. 

Облыстық Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өз кезегінде қыздың анасына қатысты ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.

Талқылау