AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4 проценттік автонесие: Көлікті кезексіз кімдер ала алады?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 4 проценттік автонесие бағдарламасына кезекке тұру және құжат тапсыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, алдымен бұрынғы бағдарлама бойынша кезекке тұрған адамдардың құжаттары қаралады. Бүгінде олардың саны 15 мыңға жуықтайды.

"Әрине, соларға беріледі. Банктер жаңадан адам іздегенше бірінші тіркеліп қойған адамдарға береді ғой", –  деді Өскенбаев. 

Министрдің айтуынша, бұған дейін автонесие берген банктер бағдарламаға қатыса береді. Себебі олардың онлайн-платформасы, яғни электронды кезек жүйесі бар.

"Бүкіл банктер қатысады. Бұл бұрынғы бағдарламаның жалғасы ғой. Сейсенбі күні үкімет шешім қабылдады. Енді оны ресми түрде тіркейді. Өзінің тәртібі бар ғой. Айдың соңында басталады", –  деп атап өтті Өскенбаев.

Осы орайда министр ақшаны индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі емес, экология министрлігі бөлетінін ерекше атап өтті. Себебі "Жасыл даму" АҚ осы мемлекеттік органға қарайды. Сол ұйымның есебінен қаржы аударылады.

"Біз автонесие тәртібін бекіттік қой. Енді экология министрлігі ақшаны бөліп, қандай жолмен жұмсалатынын бекітуі керек. Олардікі де айдың соңында бекітіледі", – дейді Өскенбаев.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасында әлеуметтік осал топтарға жеңілдік беріледі. Олар көлікті кезексіз рәсімдей алады.

"Дәл сол адамдарға арналған бағдарлама ғой. Олар кезекте бірінші болып тұрады. Соларға басымдық беріледі, жеңілдік жасалады", – деді Өскенбаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр