"4 миллион": Қымбат көліктің үстінде отырған Ерке Есмахан қуанышты жаңалығын бөлісті

Қымбат көліктің үстінде отырған Ерке Есмахан қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасындағы оқырманның саны 4 миллионға жеткенін айтып мақтанған. Осылайша әнші қымбат көлікте отырған суретін жүктеп, оқырмандарына алғысы шексіз екенін жеткізді.

"Инстада 4 миллион оқырман болдық. Төрлетіңіздер! Шынымды айтсам, өте қуаныштымын. Сіздердің менімен бірге болғандарыңызға раxмет. Көбейе беріңіздер. Әрбір инста досыма денсаулық, бақыт, маxаббат және байлық тілеймін. Не көрсек те, инстада бірге көрейік, жақсыларым", - деп жазды Ерке Есмахан. 

Мұны көрген жұрт желіде пікір жазып, ойларын ортаға салды. Бірі әншінің қылығын ерсі көрсе, енді бірі Ерке Есмаханның қуанышына ортақтасқан. 

"Сразу төбесіне шығып алмадың ба?", "Әлі де жоғары отырмадыңыз ба", "Көліктің үстіне шығып алғаны несі?", "Ерке құтты болсын!", "Ұзағынан сүйіндірсін", "Капоты майысып қалмасын, Ерке", - десті жұрт. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр