4 мамырдан бастап шаштараздар ғана ашылады, сұлулық салондары емес - Бекшин себебін түсіндірді
Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 4 мамырда шаштараздарды ашу туралы шешім қабылданғанын, бірақ сұлулық салондарының жұмысына тыйым салу сақталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Егер сұлулық салондарында жұмыс істеу процесіне қарайтын болсақ. Мысалы, маникюр, педикюр, шашты бояу және т.б. - бұл ұзақ процесс. Қарапайым шаш қию орташа 30-40 минут алады. Жеке шебер және қызмет алушы жұмыс істеген кезде, әрине, мұнда өте жақын байланыс бар. Шебер іс жүзінде клиентке жақын болады, сондықтан қорғану шараларын қабылдау өте қиын. Әзірге біз жұқтыру қаупін азайту үшін қарапайым қызметтерге (шаш қию) жүгіндік", - деп түсіндірді Бекшин.
Сонымен қатар, ол шаштаразда кезекте тұрмау үшін алдын ала жазылу міндетті екенін атап өтті. Санитарлық нормаларға сәйкес шебер және клиент бетперде киюі тиіс.
Еске сала кетейік, Қазақстанда шаштараздар 4 мамырдан бастап жұмыс істейді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн