Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

4 қызметкері қаза болған компания басшылығы: Олар төмен түспеуі керек еді

«Астана су арнасының» бас директорының орынбасары Аблай Елжасов компанияның төрт қызметкері қаза болған Нұр-Сұлтандағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

4 қызметкері қаза болған компания басшылығы: Олар төмен түспеуі керек еді

Сурет: tengrinews.kz

«Олар бұл учаскеде бірінші күн жұмыс істеп тұрған жоқ. Бұған дейін де осы бригада екі-үш күн бойы жұмыс жасаған болатын. Қарасаңыздар онда жабдықтар шығарылып тұр. Учаске басшысының сөзінше, ол сол күні жұмысшыларға онда түсуге рұқсат бермеген. Яғни, нұсқауларға сәйкес, олар сол күні төмен түспеуі керек болатын. Онда мүлде басқа жұмыс жүргізіліп жатқан»,- дейді «Астана су арнасының» бас директорының орынбасары Аблай Елжасов.

Оның айтуынша, бұған дейін жұмыстар жүргізілгенде ол жерде газ болмаған. Және ол қала бойынша 150 канализациялық сорғы станция бар екенін айтып өтті. Ал, жұмысшылар қаза тапқан канализациялық станция ол кезде жұмыс ісмеген. Бірақ, Елжасов ол жерге тоспа су жиналып қалуы мүмкін екенін айтты.

«Мұнда адами факторы рөл ойнап кетті деп ойлаймын. Яғни, олар бір-бірін құтқаруға ұмтылған. Бірақ, өз нұсқауларына сәйкес, олар ол жерде газдың жоқ екеніне көз жеткізбей, төмен түспеуі керек еді. Ал егер газ болса, олар шланг желдеткішті төмен түсіруі керек болатын. Ол жерге газдың жоқ екеніне көз жеткенде ғана, газ маскаларын киіп, түсуі керек еді. Өйткені, онда газ болған жағдайда түсуге болмайды. Ал, оларда газ анализаторлары болған», - деді Елжасов.

Еске кетсек, бұған дейін 4 жұмысшының кәріз құдығына түсіп мерт болғаны хабарланған болатын.


Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтандағы 4 адамның қазасы: ТЖК оқиғаның қалай болғанын айтты

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр