Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4 қап алтын: Жамбыл облысында бағалы тасы бар руданы ұрлаған 8 адам ұсталды

Жамбыл облысында алтынмен апталғысы келген азаматтар қолға түсті. Мойынқұм ауданының 8 тұрғыны құрамында бағалы тасы бар руданы ұрлап жатқан жерінен ұсталып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

алтын

Тасын түртсе астынан алтын шығатын ауданда жұмыссыздардың көбінің кәсібі осы екені жасырын емес. Алайда бұл жолы жігіттер сәтсіздікке ұшырады. Олжаны машинаға тиеп шыға бергенде қолға түсіп тынды.

Құнды тасқа құмарлар полицейлерді көре тұра қашпаған. Олардан құрамында алтыны бар 4 қап руда тәркіленген. Ал, үш көлікпен келген мырзалардың құрал сайманмен мұздай қаруланып алған екен.

Мұндай әзірлікпен тас қопару мен оны уату түк емес. Алтын ұрламақ болғандарға енді 500 мың теңге айыппұл салынады немесе 50 тәулікке қамалуы ықтимал.

Талқылау