Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4 әйелі, 2 көңілдесі бар азамат 54 баланың әкесі болғысы келеді

Жапонияның Хоккайдо аралында тұратын 36 жастағы Рюта Ватанабенің 4 әйелі, 2 көңілдесі бар. Ер адам 54 баласы болғанын қалайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Рюта Ватанабе әйелдерімен/X.com

Жұмыссыз жүргеніне 10 жыл болған Рюта Ватанабе түгелдей әйелдері мен көңілдестерінің табысына күн көреді. Ол әйелдерімен азаматтық некеде тұрады. Ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт бірге тұрып, ортақ жауапкерлішілік алуының негізінде заңсыз некеде. 

Рюта Ватанабе – бүінде 10 баланың әкесі. Ол тек екі баласымен және 3 әйелімен бірге тұрады. Ер адам – үй қожасы, үй шаруасымен айналысады. Атап айтқанда, тамақ әзірлейді, балаларға қарайды. Айына шамамен 914 000 иен (6 000 доллар) болатын тұрмыстық шығындар түгелдей әйелдері мен көңілдестерінің мойнында. 

Рюта Ватанабенің төртінші әйелінің жасы 24-те. Бірақ олар бөлек тұрады. Сондай-ақ ер азамат әлеуметтік желі арқылы тағы екі құрбы тапқан. 

“Осыдан 6 жыл бұрын әлеуметтік көмекке күн көріп жүрген, күйзелістегі Ватанабені сүйіктісі тастап кеткен. Бұл жағдай оны әлеуметтік желі арқылы көптеген қыздармен танысуға итермелеген”, – делінген басылымда.

Ватанабе әйелдерді жақсы көретінін және олар бір-бірін жақсы көрсе ешқандай проблема болмайтынын айтады.

“Әр әйелімнің өз бөлмесі бар. Күн сайын бәрінің бөлмесіне кезек-кезек түнеймін. Аптасына 28 рет жыныстық қатынасқа түсемін. Әйелдерім мені бір-бірінен қызғанбайды. Тіпті бір-бірімен құрбы секілді араласады”, – дейді ер азамат.

Ватанабе Жапонияда бала саны бойынша рекорд орнатып, “неке құдайы” атанғысы келеді. 

Ашық дереккөзге сенсек, 1841 жылы қайтыс болған сегун Токугава Иенаридің Эдо дәуіріндегі билігі кезінде 27 кәнизактан шамамен 53 баласы болған.

“Менің есімім тарихта қалу үшін 54 балалы әке болғым келеді. Мен әлі де басқа әйелдер іздеймін”, – дейді Рюта Ватанабе.

Жапонияда көп әйел алу заңсыз. Яғни, Ватанабе заңды түрде бір уақытта бірнеше әйелге үйлене алмайды.

Талқылау