"4-5 кесе жуса, шаршап қалады": Мақпал Жүнісова ауласын сыпырып жүріп, жастарға ақыл айтты
ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова құрылысы біткен үйінің алдын сыпырып, оқырмандарымен сырласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Оған қоса өнер иесі ата-анасы жастайынан еңбекке қалай баулығанын айтып, қазіргі жастар туралы ойын жеткізді.
"Шешеміз екі аяғымызды бір етікке тығатын. "Ей қыз, тұр орныңнан" деп айтқанда жүгіріп кететін едік. Содан жаман болған жоқпыз. Қазіргі жастар тез шаршап қалады. 4-5 кесе мен 2-3 тәрелке жуса, шаршайды. Баяғыда әке-шешеміз жастайымыздан еңбекке баулушы еді. Қазіргі жастарды "жалғызым, демалсыншы, шаршап қалмасыншы" деп шығады", – деді Жүнісова.
Сондай-ақ әнші жөндеу жұмыстары жасалған үшқабатты үйін көрсете алмайтынын айтты.
“Шешем тіл-көз бар, үйіңді көрсетпе” деді, сол үшін көрсете алмаймын. Бірақ толық аяқталды. Күйеуге шығу туралы айтсам, еңбекқор адам болып жатса көрерміз. Бір жатып ішер кездеспесе болғаны”, – деп жазды халық әртісі.
Еске салайық, Мақпал Жүнісова 30 жыл бұрынғы жарыққа шықпай қалған фильмді бөліскенін жазған едік.