37 миллион доллар пара алған қытайлық шенеунік өлім жазасына кесілді
Юньнань провинциясындағы Қытай компартиясының экс-хатшысы 246 миллион юань (37 миллион доллар) алғаны үшін өлім жазасына кесілді.
Фото: pravda.ru
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Баю Эньпаюға жазаның орындалуы екі жылға кейінге шегерілді. Сонымен қатар, оны саяси құқықтарынан айырып, мүліктері тәркіленді. Ол Юньнань провинциясында 2001 жылдың қазан айынан 2011 жылдың тамызына дейін партком басшысы қызметін атқарды. Ол сондай-ақ, 2011 жылдың тамызынан 2014 жылдың қарашасына дейін Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиыны табиғат ресурсы және қоршаған ортаны қорғау комиссиясында төрағаның орынбасары болып қызмет еткен.
Алайда, кей жағдайда өлім жазасын кейінге шегеру аталмыш жазадан босатуға да алып келіп жатады. Егер айыпталушы осы уақыт ішінде ешқандай қылмыс жасамаса, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасымен ауыстырылуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Дауылдан қорыққан америкалық отбасы көліктерін қонақ бөлмеге кіргізіп қойды (фото)
Қырғыздың айыр қалпағы Гиннестің рекордтар кітабына енді (видео)
Инстаграм жұлдызы тікелей эфирде босанды (видео)
Інісінің өмірін сақтап қалған қыз өзі өмірден озды
70 жастағы зейнеткер үшінші қабаттан төсек жаймасы арқылы түспек болды (видео)
19 жастағы орыс қыз 12 жастағы баладан сәбилі болды
Рамзан Қадыровтың ұлы ережесіз жекпе-жекте қарсыласын 14 секундта нокаутқа жіберді (видео)