"35 мың теңге алимент": Ерке Есмахан бірінші некесіне қатысты сұраққа жауап берді
Танымал әнші Ерке Есмахан бірінші некесіне қатысты сұраққа жауап беріп, оқырмандарымен сырласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Желі қолданушысы өнер иесіне “35 мың теңге алимент алатыныңыз рас па?” деп сұрақ қойды.
“Ешқашан алиментке арыз жазбағанмын. Алимент алмағанмын. Ешқашан көмек сұрамағанмын. Бала өз несібесімен туады дегенге сендім. Жұмыс істеп, өзім өсірдім. Нағашылары бағып, қақты. Шүкір! Отау құрған соң күйеуім Мүсілімді жанымызға алды. Одан кейін не ішеді, не киеді дегенді ойламадым. Кейде осы тарапты ойласам, көзіме қуаныштан жас келеді”, – деп жазды әнші.
Сондай-ақ отбасындағы ұрыс-жанжалдың көбеюіне қатысты да пікір білдірді.
“Сіздерді түсінемін. Отбасында гармония болмаса, маза кетеді. Береке қашады. Бірақ мен біреудің отбасына барып, ақыл айтпаймын. “Сүйт, бүйт” деп айта алмаймын. Жағдай әртүрлі болады. Ақылым зиян болып тиіп кетуі мүмкін. Алладан қорқамын. Сондықтан, бірінші күйеулеріңізбен ашық сөйлесіп, дос ретінде шер тарқатыңдар. Ортақ бір шешімге келіңдер! Басқа емес, өз жараларыңызды өздеріңіз емдеңіздер!”, – деп кеңес айтты эстрада жұлдызы.
Еске салайық, әнші үшінші сәбиіне жүкті екенін айтқан еді.