Актер Рамазан Амантай 30 миллион теңге гонорар төлемесе киноға түспейтінін айтты

Танымал актер, ақын Рамазан Амантай “Байсеміз LIVE” подкастына берген сұхбатында бір фильмге қанша теңгеге түсетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі қазіргі гонарарына “ешкімнің ақшасы жетпейтінін” айтып, қалжыңдады.
“Мен гонорар ретінде барлық табыстың пайызын аламын немесе 30 миллион теңгеден жоғары сұраймын. Бұл соманы киноға түсуге ешкім шақырмасын деп қойдым. Шақырғандар болды, бірақ өзімнің жобаларыммен сәйкес келіп, бас тартуыма тура келді. “ЗаманBack” фильміне түсенім үшін 35 миллин теңге алдым”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Рамазан Амантай артық салмақ қосуының себебін түсіндіргені хабарланған еді.