Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"35-40 мың теңгенің қойлары шариғат талабына сай келмейді": "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы құрбандық туралы

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов құрбандыққа шалынатын малға қойылатын талаптар барын айтты. "Құрбан шалу рәсімін ұйымдастыру шаралары" тақырыбында өткен онлайн брифингте 35-40 мың теңгенің қойлары шариғат талабына сай келмеуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

курбандық

"Малға қойылатын талаптар бар. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қойдың бағасы 50 мың, ірі қараны 350 мың деп бердік. Бұл жерде қойдың жасына назар аудару керек. 6 айға жетпеген, арықтау тоқтылардың өзін 35-40 мыңға алуларыңыз мүмкін. Бірақ қой мен ешкі 1 жасар болуы керек. Ал 1 жасар қойдың бағасы үшін 50 мың өте жақсы баға", - дейді өз сөзінде "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы.

Оның сөзіне сенсек, 35-40 мың теңгенің қойлары шариғат талабына сай келмейді екен. 

"Бір жасқа толмаған қойлар құрбандықтың орнына жүрмей қалуы мүмкін. 50 мың теңге - елордадағы базарлардағы малдың орташа бағасы осындай", - дейді Ерболат Жүсіпов.

Сондай-ақ бас имам елордада құрбандыққа шалынатын орындардың белгіленіг туралы да айтуды ұмытпады. 

"Қой мен ешкіге жеке арнайы орын, ірі қараға арнайы орын бар. Олардың барлығында санитарлық талаптар қатаң сақталады. Құрбандық шалу үшін 40 қасапшы таңдап алынды. Олардың арнайы сертификаттары да бар. Құрбан шалушы адамның тілегін қанағаттандыру мақсатында кері есеп жібере аламыз. Бұл жерде ешқандай күмән болмауы керек. Еттің таратылуы еріктілер арқылы жүзеге асырылады" - деген Жүсіпов құрбандық шарасын атқаруға сақадай сай екендерін жеткізді. 


Арапа күні оқылатын дұғалар

2020 жылы арапа күні ауыз бекіту уақыты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр