Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"34 жыл сақталған": Әли Оқапов ерекше бұйымды көрсетті

Фото: Видеодан скриншот

Әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева 30 жылдан астам уақыт бойы сақтап келген өзінің ең қымбат дүниесін таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі сәби күнінде жамылған жөргегін көрсетті. Анасы сақтап қойған. 

"Жақында ғана анам естелікке толы тамаша затты бөлісті. Бұл – пеленка. Ол неге мен үшін ерекше? Себебі бұл – менің пеленкам. 34 жыл бұрын, мен Зейін сияқты кішкентай кезімде, осы пеленканың үстінде жатқанмын. Қазір сіздерге сол уақыттағы архив фотомды да көрсетемін. Ол кезде ешкім де 34 жылдан кейін осы пеленканың үстінде менің ұлым отырады деп ойламаған шығар. Сондықтан, егер араларыңызда мен сияқты жас ата-аналар болса, балаңыздың бір затын сақтап қойыңыздар. Себебі жылдар өткен соң оны немерелеріңіз пайдалануы мүмкін. Мен сіздерге де осындай тарихтың қайталануын тілеймін", – деді әнші.



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, балаларының қандай заттарын сақтағанын жарыса жазып жатыр. 

“Әжем әкемнің 40 жыл бұрынғы тоқылған телпегін сақтаған”, “Қызымның кіндігін сақтап қойдым”, “Роза ханымның бастамасы бәрімізге үлгі екен”, “Әлиге ризамын, тап-таза қазақша сөйлеп отыр”, “Зейін үлкен жігіт болсын”, “Ұлымның тырнағы мен шашын сақтап қойдым”, “Роза апамыз ұқыпты екен”, – деп жазды көпшілік. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 19 Маусым, 2025 12:27
Талқылау