Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

33 жастағы азамат Ұлы Отан соғысы ардагерін кеудесіндегі төсбелгілері үшін ұрып-соғып, өлтіріп кетті

Украинаның Одесса облысының Белгород-Днестровск ауданындағы Вольное ауылының 33 жастағы тұрғыны мас күйінде 93 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагерін өлімші етіп, ұрып-соққан. Ол майдангердің костюміндегі медальдарды иемденбекші болып, соғыс ардагерін өлтіріп қойды.

33 жастағы азамат Ұлы Отан соғысы ардагерін кеудесіндегі төсбелгілері үшін ұрып-соғып, өлтіріп кетті

Бұл туралыStan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға кеше, 9 мамырда болды. 33 жастағы ер адам ардагердің үйіне келіп, екеуі алкогольді ішімдік ішкен. Осыдан кейін ол майдангердің мүлкін иемденіп алмақшы болған. Бірақ зейнеткер өзіне тиесілі төсбелгіні қорғауды жөн көрген. Содан соғыс ардагерінің үйінен шыққан шуды көршісі естіп, жүгіріп келген. Ол зейнеткерге шабуылдаған адамды ұстауға тырысқанымен, бірақ әрекеті сәтсіз шықты.

«Қарт кісі соғысты өз көзімен көріп, Отан үшін шайқасты. Нағыз тозақтан өткен ардагеріміз бірнеше жүз гривен үшін өлтірілді», – дейді украиндық заңгер Михаил Шнайдер.

Қазір оны Украинаның құқық қорғау органдары қолға түсірді. Ол енді өмір бойы бас бостандығынан айырылады.

Айта кетейік, қаза болған зейнеткер Вольное ауылындағы соңғы тірі ардагер болған.

 

Талқылау