AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

33 жаста: Жаңа әділет вице-министрі тағайындалды

Алма Мұқанова ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Алма Қайратқызы Мұқанова Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Пан Наталья Виссарионовна басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі қызметінен босатылды", — делінген хабарламада.

Алма Мұқанова 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін, The university of Warwick (Ұлыбритания) университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы "Қаз Руно" АҚ маманы болып бастады. 2010-2012 - "Қазақ гуманитарлық-заң университеті" АҚ маманы болды.

2012-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы әділет министрлігі Заңнама департаментінің қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық заңнама және қорғаныс саласындағы заңнама бөлімінің сарапшысы, сарапшының міндетін атқарушы, бас сарапшысы қызметін атқарды.

2015-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы әділет министрлігі заңнама департаментінің экологиялық заңнама және өнеркәсіп және көлік саласындағы заңнама басқармасының басшысы болды.

2017-2021 жылдары - Қазақстан Республикасы әділет министрлігі заңнама департаменті директорының орынбасары, 2021 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің заңнама департаментінің директоры қызметін атқарып келді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр