33 елде 900-ден астам бала белгісіз гепатит түрін жұқтырған
Балалардың шығу тегі белгісіз гепатитті жұқтырғандар саны 920-ға жетті.Бұл туралы 24 маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады, деп хабарлайды EADaily сайты.
"2022 жылғы 22 маусымдағы жағдай бойынша ДДҰ-ның бес аймағындағы 33 ел балалардағы этиологиясы белгісіз ауыр жедел гепатиттің 920 ықтимал жағдайын хабарлады", – делінген ДДҰ хабарламасында.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 18 науқас бала қайтыс болды, ал 45-інің ағзаларын ауыстыру қажет болды.
Белгісіз гепатитке шалдыққандардың жартысынан көбі Еуропа елдерінде анықталғаны хабарланды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаһандық деңгейде тәуекелді орташа деп бағалаған. Ал маусымның басында ғана бұл көрсеткіш 700-ден асқан еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”