Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

32 миллиард теңге пайда көрген: Қазақстандықтардың қарызынан ең көп табыс тапқан 10 ломбард белгілі болды

ломбард

Фото: Freepik.com

Маусым соңындағы жағдай бойынша Қазақстанда 470 ломбард тіркелді. 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында жиынтық табыс 32,1 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,1% көп. Ол кезде елде 505 ломбард тіркелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2025 жылдың қаңтар-маусым айларында 470 ломбардтың 319-ы пайдаға кенелсе, ал 112-сі шығынға кеткен. Бір жыл бұрын 505 ломбардтың 347-сі табыс, 115-і шығынға батқан.

Биыл 7,6 млрд теңгемен M-Lombard ең табысты болды. Одан кейінгі орында 5,5 млрд теңгемен МК-Ломбард. Одан кейінгі табыстылар:

  • "МК-Золото Ломбард" (3,7 млрд теңге),
  • Birinshi Lombard (2,9 млрд теңге),
  • Деньги населению (2,7 млрд теңге),
  • "Астра-Ломбард" (2,6 млрд теңге),
  • "Сейф-Ломбард" (1,6 млрд теңге)

Осы жеті ломбардтың өзі 1 миллиард теңгеден астам табыс тапқан.

Ең табысты ломбардтардың алғашқы ондығына Bely TM (618,2 млн теңге), €lit (Eurolit) Astana (489,8 млн теңге) және Kömek Lombard 7 (424,9 млн теңге) кірді.

Ал шығынға келсек, Актив Ломбард 492,5 миллион теңге шығынға кетті. Ал Auto Money – 392,1 миллион теңге.

Ломбардтар жеке тұлғаларға жылжымалы мүлік — зергерлік бұйымдар, тұрмыстық техника, электроника және басқа да құндылықтарды кепілге ала отырып, қысқа мерзімді несие беру арқылы жұмыс істейді. Олардың негізгі табыс көзі осы несиелер бойынша алынатын пайыздар мен комиссиялардан, сондай-ақ талап етілмеген кепілді сатудан келеді. Осылайша, неғұрлым көп несие берілсе, сектордың табыстылығы соғұрлым жоғары болады.

Биыл маусым соңында қазақстандық ломбардтардың несие портфелі 321,5 млрд теңгеге жетті, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 40,2% өсті. Ломбардтардағы мерзімі өткен несиелердің үлесі шамалы, өйткені тәуекелдер кепілмен жабылады. Несиелердің қысқа мерзімді сипаты және талап етілмеген мүлікті тез арада сату мүмкіндігі клиенттердің төлем тәртібі төмендеген кезде де бизнес үлгісін тұрақты етеді.

Ломбардтардағы 90 күннен астам мерзімі өткен несиелердің үлесі – небәрі 2,3%, бұл Қазақстан микроқаржы ұйымдарынан (6,8%) үш есе дерлік төмен. Бір жыл бұрын мұндай несиелердің үлесі 3,8% болды.

Маусым айының соңында ең үлкен несие портфелі M-Lombard болды, ол 44,4 млрд теңге, яғни 2024 жылмен салыстырғанда бір жарым еседен астам.

Сондай-ақ "МК-Золото Ломбард" (32 млрд. теңге), "Астра-Ломбард" (23 млрд. теңге), "Деньги населению" (22,5 млрд. теңге), Birinshi Lombard (22,3 млрд. теңге) компанияларының да несиелік қоржындары айтарлықтай жоғары болды. Қазақстандағы ең ірі жеті ломбард жалпы алғанда барлық 470 ломбардтың несие портфелінің үштен екі бөлігіне тең. 

Сондай-ақ үздік ондыққа GoldFinMarket (8,9 млрд теңге), Сандық (4,6 млрд теңге) және “Партнёр Казахстан” (4,3 млрд теңге) кірді.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 18 Қазан, 2025 13:55
Талқылау