Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрібір ешкім жұмыс істемейді": 31 желтоқсан Қазақстанда демалыс күні болып жариялансын ба?

Күнтізбенің соңғы күні, 31 желтоқсан, елімізде демалыс күні ретінде бекітілгенге қоғам белсенділері қалай қарайды? Демалыс ретінде бекіткен дұрыс па? Stan.kz тілшісі қоғам белсенділеріне хабарласып, пікірлерін тыңдап көрді.

31 желтоқсанды айтпағанда, Жаңа жыл алдындағы бір-екі апта қарбалысқа толы. Жеке адамнан бастап, ірі компания, мемлекеттік мекемелердің бір жылдық жұмыстарын қорытындылап, тәмамдайтын уақыт. Оның сыртында бір-біріне әріптес, серіктес болып келетін ұйымдар сыйлықтарын тапсырып, құттықтау шараларын бастап кетеді. Мереке қарсаңындағы 2-3 күнде тіпті барлық адамдардың жұмыс істеуге деген қабілеті төмендеп, жұмыс күнін көбіне бір-бірін құттықтаумен өткізеді. Дегенмен елімізде 31 желтоқсан жұмыс күні болып есептеледі. Бұл күнді де мерекелік күн ретінде жариялау ұсыныстары бұрыннан айтылып жүр. Stan.kz тілшісі еліміздің танымал азаматтарына хабарласып, пікірлерін тыңдап көрді. 

Нұргелді Ораз, профессор:  

"31 желтоқсанды тойлау дәстүрге айналып кеткен. Сондықтан оны тойламай кетуге болмайды. Өзіміздің Наурыз да, христиандардың мерекесі де - мемлекеттік деңгейде аталып өтетін мерекелер. Бірақ мынау - дұрыс, анау - бұрыс емес деп айтуға болмайды. Сондықтан тойлануы керек".  

Дос Көшім саясаттанушы:

Мен 31 желтоқсанның мереке ретінде тойланғанына қарсымын. Жаңа жылды ешбір ел тойламайды. Мысалы, мен 31 күні Германияда, Францияда болдым. Олар тек қана 25 күні Рождествоны тойлайды. 

Өз баcым жаңа жылды мүлдем алып тастар едім. Күнтізбенің басталғанын атап өту керек. Бірақ қазіргідей ең үлкен мейрам ретінде тойламау керек. Бізде жыл басы Наурызымыз бар. Қарап отырсаңыз, біз жаңа жылды екі рет тойлаймыз. Менің ойымша жаңа жылдан мүлдем бас тарту керек, бірақ бұған халық әлі дайын емес. Мен түбегейлі қарсымын.

Расул Жұмалы саясаттанушы: 

Мен бұл ұсынысқа екі ұдайлы пікірдемін. Бұл мереке қазақ үшін соншалық атаулы мереке емес. Дүниежүзілік тенденцияға кіріп кеткендіктен, мерекені әлемнің түкпір-түкпірінде тойлайтындықтан, осы шеңберде тойлануы керек сияқты. Дүниежүзілік тенденцияда болуы үшін бұл мерекені салмақты түрде, беріліп кетпей тойлауымыз керек.

 

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қыздардың жүрегін жаулаған Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен видеоға түсіп қалды

Жұрт оны "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермеспен қосатын

32 жыл бойы пәктігін сақтаған футболшы "Әлем аруына" үйленді

Ол христиан дінін берік ұстанады

"Денесімен мыжып кетті": Алматыда сәбиін өлтірген британиялықтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

"Өз күнін өзі көріп жүр": Тәуекел Мүслім келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Актер келіншегінің өзіне еш салмақ түсіргісі келмейтінін айтты

"Адайлармен ойнапты": Лас-Вегаста қазақ қызы ұрыларды жөнге салды

Ұрылар арудың телефоны мен құжаттарын алып қашқан

Батыр Жүкембаев Канадада қарсыласын 2-раундта сұлатып салды (видео)

Бұл оның 18-ші жеңісі. Осы күнге дейін бір де бір рет жеңіліп көрмеген

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы желіде танысқан 20 жастағы жігітке бола үйден қашты

Алайда жасөспірім жігітке жасын айтуды ұмытқан

Тоқаев Қытайда таралып жатқан коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Уханьда шыққан белгісіз пневмония туралы 31 желтоқсанда белгілі болды

"Ешкім ешкімге мұқтаж емес": Нұржан Керменбаев Қайрат Нұртаспен жазылмай қалған дуэт туралы

Әнші: Біреу маған дуэт жазайық десе жоқ демеймін

"16 минут бойы жанды": Үйін тәркілеуге қарсы болған тұрғын өзін өртеп жіберді

Тұрғынның денесінің шамамен елу пайызы күйіп қалған
Çàãðóçêà...