Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"303 миллион теңге жинаған": Маңғыстау облысында құрылыс компаниясы азаматтардан заңсыз ақша алып, рұқсатсыз үй салған

Фото: Видеодан скрин

Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті “Өзен көлік құрастыру зауыты” ЖШС басшылығына қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тергеу мәліметінше, компания азаматтардың қаражатын үлестік құрылыс түрінде заңсыз тартқан. Екі жыл бойы фирма басшылығы Жаңаөзен қаласында “Astana Rich Village” тұрғын үй кешенін рұқсат құжаттарынсыз, жобалау-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптамасыз және авторлық қадағалаусыз салған.


Футболкасынан камераны байқаған: Қазақстандық ерлі-зайыпты Австралиядағы ойынханадан 613 миллиард теңгеден астам ақша ұрлады деп айыпталды


Аудит кезінде 138 миллиард теңге қаржылық заңбұзушылық анықталды: Әлихан Смайылов Ұлттық экономика министрлігін сынға алды


“Компания азаматтардың ақшасын алу үшін түрлі интернет-платформаларда жарнама жариялап, пәтерлерді нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынған. Нәтижесінде олар 23 адаммен жалған алдын ала сатып алу-сату шарттарын жасаған. Азаматтар компанияға 303 миллион теңгеден астам қаражат берген”, – делінген хабарламада. 

Тергеу дерегінше, күдіктілер бұл ақшаның басым бөлігін кәсіпорын кассасы арқылы құрылыс материалдарын сатып алғандай етіп қолма-қол ақшаға айналдырған. Алайда қаржы жеке қажеттіліктерге жұмсалған. Тұрғын үй құрылысы аяқталмаған.

Осылайша залалды өтеу және жәбірленуші үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі мүлікке тыйым салынды. Олар тұрғын үй, пәтер, 2 автокөлік және 3 жер учаскесі. Ал күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада пәтер сату бойынша 8 миллиардқа жуық теңгенің алаяқтық схемасы әшкереленгені туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 03 Желтоқсан, 2025 10:30