Соңғы жаңалықтар

300 мыңнан билет алған: Оңтүстік Кореяға оқуға аттанған семейлік студенттерді ұшаққа кіргізбей қойды

Оңтсүтік Кореяға оқуға бармақ болған семейлік студенттерді Алматы әуежайында ұшаққа кіргізбей қойған. Салдарынан олардың 17-сі елде қалып, алтауы Кореяға аттанды. Алайда олардың үшеуін сол елдің миграциясы кері қайтарыпты.

300 мыңға билет алған: Оңтүстік Кореяға оқуға аттанған семейлік студенттерді ұшаққа кіргізбей қойды

Семейде қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің студенттері тіл оқу үшін Оңтүстік Кореяға бармақ болған. Сол жаққа аттанбақ болған 23 адамның ішінде оқытушылары да болыпты. Олардың әрқайсысы ұшақ билетін сатып алу үшін 300 мың теңгеден ақша жұмсаған. Алайда осыған қарамастан ұшаққа кіргізілмеген студенттер неліктен Кореяға жіберілмегенін білмейді, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz.

«Әуежайға барғаннан кейін қонақ үйде тоқтадық. Құжаттарға байланысты мәселелер болған. Алайда ол туралы толық ақпаратты білмейміз. Біразда себебін айтуға уәде еткен. Мұнан кейін сол мәселелер шешіледі», – дейді университеттің 1-курс студенті.

Ал университет мамандары студенттерге бұл келеңсіз жайттың себебін енді түсіндіріп жатыр. Олардың сөзінше, ұшақ билетінің ақысы мен жұмсалған шығын қайтарылатын болады.

«Өкінішке орай, бұл жерде оңтүстік кореялық университет тарапынан кемшілік болып, соның салдарынан 17 студентіміз ұшақпен ұша алмай, қайтып келді. Бір қуанарлығы, барлығы аман-есен, шығынсыз. Осы топқа басшылық еткен ұстаздар олармен бірге болып, бірге қайтып келді», – дейді ректор кеңсесінің басшысы Марат Әбдікәрімов.

Білім ордасындағылардың сөзінше, университет басшылығы екі елдің арасындағы 30 күн визасыз жүруге рұқсат беретін тәртіпті басшылыққа алып, сол арқылы Оңтүстік Кореяда білім алып үлгеріп, қаражатты үнемдеуді ойлаған. Десе де олар қос мемлекет арасындағы 30 күндік визасыз режим оқу курстарына барғандарға жүрмейтінін білмеген тәрізді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр