Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

300-ден астам қазақстандық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанып, салықтық жеңілдіктерге ие болуда

Бүгінде Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінде 300-ден астам қатысушы компания бар. Ең көп қатысушылар саны Нұр-Сұлтан - 176, Алматы - 120 және Қарағанды - 10 қалаларынан. Технопарктің барлық қатысушысы салық жеңілдіктерін алады.

Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтардан босатады. Қатысушылар тізімі келесі сілтеме бойынша қолжетімді.

Мемлекеттік қолдаудың мұндай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді. 2020 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша технопарк қатысушылары 2 миллиард 167 миллион теңге үнемдеген.

"Салық жеңілдіктер тақырыбы — бұл супер-идея. Біз технологиялық стартаптар үшін салық мөлшерлемелерінің айтарлықтай төмендегенін жақсы бағаладық. Біз даму үшін орасан зор мүмкіндіктерге ие болдық. Бұл шаралар жаңа компаниялар мен жобаларды құруға көмектесті. Біз сапалы бағдарламалық шешімдер әзірлеп, көптеген мамандар өздеріне жұмыс тапқан бағыттарды құра алдық.
Салық преференцияларына ие бола отырып, инвестициялау және даму үшін үлкен мүмкіндіктер ала отырып, біз оларды тиімді пайдалана алдық және дамуымызға үлесі тиді. Сәтті жобалардың барлығы бірнеше есе өсіп жатыр. Жобалар көп болған сайын, жұмыс орындары да көбейе түседі. Демек, көптеген мамандар жұмысқа орналаса алады, сәйкесінше, әлеуметтік салықтар көбірек төленеді. Бұл бағдарламаның негізгі мәні осы шығар. Мемлекет стартаптарға салықтардың корпоративтік бөлігіндегі жеңілдіктер арқылы көмектесе отырып, олардан қызметі мен шетелдегі сатылымдары арқылы осы инвестицияларды ел экономикасына табиғи түрде қайтаратын ірі IT-компанияларды өркендетуге тырысады. Бұл қуантпай қоймайды", - дейді VARDIX Group жетекшісі Владимир Баринов.

Astana Hub хабарлағандай, технопарк қатысушысы мәртебесін алу үшін компания іс жүзінде Нұр-Сұлтан қаласында болуы міндетті емес: құжаттарды электрондық формада өткізу жеткілікті, ал компания сәтті тіркелген жағдайда тиісті шартқа қол қою ЭЦҚ арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, қатысушы мәртебесі компанияларға шетелдік жұмысшыларды олардың санын квотасыз тартуға, сондай-ақ стандартты 3 жыл орнына 5 жылға дейін жұмыс визасын алуға мүмкіндік береді. 

Astana Hub қызметкерлері барлық мүдделі тұлғаға электрон пошта арқылы туындаған барлық мәселе бойынша ауызша және жазбаша кеңес береді: [email protected], сондай-ақ 8 (7172) 79 97 65 (ішкі. 205).

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр