Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жылына 0-0,5% мөлшерлемемен ипотека берілетін болды

Данияда жылына 0-0,5 пайыздық көрсеткішпен ипотека берілетін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат. 

30 жылдық келісімшарт: Жылына 0-0,5 пайыздық көрсеткішпен ипотека берілетін болдыДаниялық Nordea Bank Abp банкі нөл пайыздық көрсеткішпен ипотекалық несие беруді бастады. Несиенің бұл түрін алудың бір ғана шарты бар. Несие 20 жылдан кем уақытқа алынбауы керек. 

Қазіргі таңда банк қызметкерлері пайызсыз несие беру туралы жүйені 30 жыл мерзімінде келісімшартқа отыру бойынша жүзеге асыру жолын қарастырып жатыр. Ал ағымдағы айдың басында Realkredit Danmark банкі 0,5% көрсеткішпен 30 жылдық несие беруді бастап кеткен. 

Сонымен қатар, Jyske Bank өкілдері 0,5%-дық несиені 10 жылға беруді жоспарлап жатқандарын айтқан. Бұл қолданушыларға банктен төлемқағазын алуға көмектеспек.

Пайызсыз несие беру жүйесі ыңғайланғанымен, мамандар бұл үрдіс баспананың  қымбаттауына алып келетінін айтқан. 

Талқылау